Өзекті санаттар

Тіс емдеуден қорықсаңыз

Анестезия, азот тотығымен седация, ұйқы кезінде емдеу

Егер сізге жаңа тістер барынша жылдам қажет болса

CAD/CAM цифрлық стоматологиясы: керамикалық қаптамалар (коронкалар) мен вкладкалар, винирлер.

Если нужно проверить здоровье зубов

Тіс саулығын тексеру қажет болса

Тіс диагностикасы мен рентгені: компьютерлік томография.

Если болит зуб

Егер тісіңіз ауырса

Тісті терапиялық емдеу: кариес, пульпит, периодонтит, микроскоппен емдеу, микропротездеу.

Если нужна имплантация, удаление зубов, сложная хирургия

Егер имплантация, тіс жұлдыру немесе күрделі хирургия қажет болса

Хирургиялық тіс емі: имплантация, тіс жұлдыру, күрделі операциялар.

Если зубы сильно разрушены

Егер тістер қатты бұзылған болса

Тісті қалпына келтіру: протездеу, қаптамалар мен вкладкалар орнату.

Если зубы неровные

Егер тістер қисық болса

Ортодонтия: брекеттер, элайнерлер, тістемді түзету.

Если нужно свежее дыхание

Егер деміңіздің таза болғанын қаласаңыз

Кәсіби гигиена: тіс тастарын тазалау, Air Flow және ауыз қуысын сауықтыру.

Если зуб сломан, выбит или вывихнут

Егер тіс сынған немесе түсіп қалған болса

Тісті шұғыл қалпына келтіру: эстетикалық реставрация, жедел имплантация немесе тіс зақымдануын емдеу.

Если вам требуется лечение десен

Егер қызыл иекті емдеу қажет болса

Қызыл иек ауруларын (пародонтит, гингивит) емдеу: Вектор-терапия, қызыл иек пластикасы және лазерлік ем.

Если нужно лечение височно-нижнечелюстного сустава

Егер шықшыт-төменгі жақ буынын емдеу қажет болса

Шықшыт-төменгі жақ буынының (ВНЧС) дисфункциясын диагностикалау және емдеу: буын ауырсынуын, сықырды және тістем ақауларын жою.

Қаланы таңдаңыз

Басты бет Cүйек пластикасынсыз имплантация жасау

Doctor Dent-те сүйек пластикасынсыз имплантация жасау (Астана)

Сүйек пластикасынсыз имплантация — бұл сүйек тінін өсірмей-ақ имплант орнатуға мүмкіндік беретін заманауи стоматологиялық қызмет. Астанадағы Doctor Dent клиникасында біз емдеуді барынша дәл, қауіпсіз әрі жайлы ету үшін имплантологияның озық технологияларын және 3D Dental жүйесін қолдана отырып цифрлық жоспарлауды пайдаланамыз.

Көптеген пациенттер: «Тіс имплантациясын остеопластикасыз жүргізуге бола ма?» — деген сұрақ қояды. Бүгінгі таңда көп жағдайда — иә. Заманауи әдістемелер сүйек тінінің көлемі жеткіліксіз болған күннің өзінде емдеу мерзімін қысқартып, хирургиялық жүктемені азайта отырып, тіс импланттарын орнатуға мүмкіндік береді.

Сүйек пластикасы (остеопластика) қандай жағдайларда тағайындалады?

Бұрын сүйек тіні жетіспеген жағдайда стоматологтар әрқашан имплантация алдында сүйекті өсіруді ұсынатын. Бұл емдеудің стандартты кезеңі болатын.

Остеопластика келесі жағдайларда қажет болуы мүмкін еді:

  • Тістің ұзақ уақыт (6 айдан астам) болмауы, соның салдарынан сүйек тінінің атрофиясы дамиды
  • Жақ сүйегінің жарақаттары немесе сүйек көлеміне әсер еткен қабыну процестері
  • Анатомиялық ерекшеліктер — жоғарғы жақтың тарлығы, гаймор қойнауының (пазуха) төмен орналасуы
  • Сүйек тіні дамуының туа біткен ақаулары
  • Сүйектің тығыздығы мен сапасына әсер ететін жүйелі аурулар

Ұзақ уақыт бойы сүйек пластикасы имплантацияға дайындықтың жалғыз нұсқасы болып саналды. Алайда технологиялар мен цифрлық стоматологияның дамуы емдеу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтті. Астанадағы Doctor Dent-те біз көптеген жағдайда сүйек тінін өсіруден қашуға мүмкіндік беретін әдістемелерді қолданамыз.

Сүйек тінінің көлемі жеткіліксіз болғанда имплантация жасау әдістері

Бір немесе бірнеше тіс жоқ болғанда

Егер бір тіс немесе қатарынан бірнеше тіс жоқ болса, заманауи шешімдерді қолдана отырып, сүйек пластикасынсыз имплантация жасауға болады.

Қысықа импланттар (4–6 мм)
Қысқа импланттар имплантологияның маңызды кезеңіне айналды. Олар әсіресе сүйек биіктігі шектеулі аймақтарда өте тиімді. Әдістің артықшылықтары:

  • Емдеу мерзімін қысқарту
  • Асқыну қаупін азайту
  • Меншікті сүйек тінін барынша сақтау
  • Жоғары эстетикалық нәтиже, әсіресе алдыңғы тістерді имплантациялау кезінде

Импланттарды бұрышпен орнату
Бұл әдіс анатомиялық күрделі аймақтарды (мысалы, синустарды) айналып өтуге және имплантатты белгілі бір бұрышпен сүйектің ең тығыз бөліктеріне бекітуге мүмкіндік береді. Бұл шешім мына жағдайларда тиімді:

  • Сүйек көлемі шектеулі болғанда
  • Сау тіндерді сақтау қажет болғанда
  • Жақ сүйегінің анатомиясы күрделі болғанда

Мини-импланттар
Ықшам құрылымдар тіс арасындағы саңылаулар тар болғанда немесе кеңістік жетіспегенде қолданылады. Олардың негізгі артықшылықтары:

  • Минималды жарақаттылық
  • Жылдам жазылу
  • Жетуі қиын аймақтарға орнату мүмкіндігі
  • Қабылдамау (отторжение) қаупінің төмендігі

Жедел жүктемелі имплантация
Бұл әдіс имплантациядан кейін бірден уақытша сауыт (коронка) орнатуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе күлкі аймағында өте өзекті. Артықшылықтары:

  • Тіссіз жүретін ұзақ кезеңнің болмауы
  • Жылдам оңалту
  • Жаңа тістерді бірден қолдану мүмкіндігі
  • Психологиялық жайлылық

Тістер толық болмаған жағдайда

All-on-4 / All-on-6 — 4 немесе 6 имплантат арқылы бүкіл жақты қалпына келтірудің заманауи әдістемесі. Имплантация көп жағдайда міндетті сүйек пластикасынсыз, бір операциямен жүргізіледі.

Артықшылықтары:

  • Толық тіс қатары үшін имплантаттардың минималды саны
  • Бір кезеңдік емдеу
  • Классикалық протездеумен салыстырғанда қолжетімді құны
  • Жоғары функционалдылық және табиғи эстетика

Аталған әдістемелердің басты артықшылығы — сүйек тінін өсірмей-ақ тіс имплантациясын жүргізу және жалпы емдеу мерзімін айтарлықтай қысқарту мүмкіндігі.

Сүйек пластикасынсыз имплантация жасаудың артықшылықтары

Остеопластикасыз имплантацияның бірқатар маңызды артықшылықтары бар:

  • Уақытты үнемдеу — сүйек материалының бекіп кетуін күту кезеңі болмайды
  • Хирургиялық араласу көлемінің аздығы — екі операцияның орнына бір операция
  • Жылдам оңалту және асқыну қаупінің төмендеуі
  • Операциядан кейінгі кезеңнің жайлы өтуі
  • Цифрлық жоспарлаудың арқасында болжамды нәтиже

Doctor Dent-те әрбір имплантация міндетті 3D-диагностикамен және емдеуді компьютерлік модельдеумен өтеді.

Неліктен тіс имплантациясын Doctor Dent клиникасына сеніп тапсырған жөн?

3D Dental арқылы цифрлық жоспарлау
Біздің клиникада КЛКТ талдау және импланттың орнын дәл есептеу үшін 3D Dental жүйесі қолданылады. Бұл келесілерге мүмкіндік береді:

  • Орнатудың оңтайлы нүктесін анықтау
  • Жүйкелер мен көрші құрылымдардың зақымдануын болдырмау
  • Имплантаттың мінсіз орналасуын қамтамасыз ету

Емдеу қауіпсіздігі
Тіс имплантациясы халықаралық сапа және стерильділік хаттамалары бойынша жүргізіледі. Біз заманауи анестетиктер мен сарапшы деңгейіндегі жабдықтарды қолданамыз.

Тәжірибелі хирург-имплантологтар
Астанадағы Doctor Dent мамандары тұрақты түрде білім алып, заманауи әдістемелерді енгізеді және бір тістен бастап бүкіл жақты қалпына келтіруге дейінгі кез келген күрделіліктегі имплантацияны жүргізуде үлкен тәжірибеге ие.

Антистресс-стоматология
Тіс имплантациясы мазасыздық тудыруы мүмкін екенін түсінеміз. Сондықтан біз мыналарды ұсынамыз:

  • Жайлы жағдайда емдеу
  • Заманауи жансыздандыру
  • Седациямен немесе ұйқыда имплантация жасау

Кепілдік және сүйемелдеу
Операциядан кейін сіз импланттарды күту бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар аласыз, сондай-ақ бекіп кету кезеңінде бақылау тексерістері мен дәрігердің қолдауына ие боласыз.

Doctor Dent-те (Астана) кез келген күрделіліктегі тіс имплантациясы

Doctor Dent клиникасында біз имплантологияның заманауи технологияларын және әрбір пациентке жеке тәсілді қолданамыз. Астанада сүйек пластикасынсыз имплантация жасау — бұл тістерді жылдам, қауіпсіз және минималды қолайсыздықпен қалпына келтірудің нақты мүмкіндігі.

Біздің дәрігерлер кеңес беру мен 3D-диагностикадан кейін емдеу жоспарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, оңтайлы әдістемені таңдайды және имплантация құнын есептейді.

Заманауи стоматология сүйек көлемі шектеулі болған күннің өзінде остеопластикасыз имплантация жүргізуге мүмкіндік береді. Ең бастысы — жоғары дәлдіктегі жабдықтары мен тәжірибелі мамандары бар клиниканы таңдау.

Doctor Dent — бұл Астанадағы цифрлық технологияларды, заманауи хаттамаларды қолданатын және сіздің жайлылығыңызға қамқорлық жасайтын сапалы тіс имплантациясы.

Блог

Стоматология туралы пайдалы мақалалар

Scroll to Top
instagram Whatsapp Phone